Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды

0 495

Ақтөбе облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапты. Тағы алты адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

5 қазанда сағат, шамамен, 14:00-де Ақтөбе-Астрахань тас жолында екі көлік қатысқан жол апаты болды. Ақтөбеден Бестамақ ауылына бет алған 29 жастағы Lada Largus көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, ГАЗ-5312 автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасынан Lada автокөлігінің екі жолаушысы қаза тапты. Қалған алты жолаушы Ақтөбе қаласы ауруханасына жеткізілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.