Қалалық қоғамдық-саяси газет

Халық санағы видеобайланыс арқылы өткізіледі: Әлеуметтік желіде ақпарат тарады

0 349

Танымал мессенджерлер арқылы әлдебір азаматтар «Халық санағы» аясында бейнебайланыс арқылы сауалнама жүргізіп жатқандығы туралы аудиожазба таратуда, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты интервьюерлер респонденттермен тікелей, жүзбе-жүз кездесу арқылы, планшетті қолдана отырып, жауап алатындығын хабарлаймыз. Қашықтан, яғни телефон, бейнебайланыс, мессенджерлер арқылы сауалнама жүргізу қарастырылмаған.

Бұған дейін айтылғандай, «Халық санағы» сауалдарына жауап беру үшін бірнеше тәсіл қарастырылған. 1 қыркүйектен бастап елімізде онлайн санақ басталды. 15 қазанға дейін респонденттер санақ парақтарын sanaq.gov.kz арнайы сайты, E-Gov порталында тіркелу және Aitu мобильді қосымшасын пайдалану арқылы  толтыра алады.

Қазанның 1-30 аралығында интервьюерлер азаматтарды толық қамту мақсатында үйлерді аралайтын болады. Үйлерді аралау кезеңінде интервьюерге арнайы куәліктер мен Ұлттық санақтың логотипі бейнеленген көк түсті шарф пен сөмке берілетін болады.

Куәлікте аумақтық статистика департаменті басшысының қолымен және мөрімен расталған интервьюердің фотосуреті, толық аты-жөні болады. Куәліктің жоғарғы бөлігінде тіркеу нөмірі көрсетіледі. Бұл нөмірді sanaq.gov.kz сайтында «Интервьюерді іздеу» жолағына енгізуге болады, содан кейін сайтта интервьюердің деректері көрсетіледі. Сондай-ақ, интервьюердің жеке басын 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы да тексеруге болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.