Қалалық қоғамдық-саяси газет

Күн жылынады: Қазақстанда алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

0 169

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 7-9 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамы шықты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдағы үш күнде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жоғарылайды.
Солтүстік-батыс антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, күн ашық болады.

Тек шығыс пен оңтүстіктегі ауа райы циклонның кетуіне байланысты жаңбырлы, қарлы болады деп күтіледі. Осылайша 7 қазан күні елдің шығысында қатты жауын-шашын жауады.

Сондай-ақ республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі. Шығыста және орталықта — көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі, б атыста — шаңды соғады.

Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура – 10…18- ге дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта – 8…15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда – 15…20-ға дейін аздап жоғарылайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.