Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тяньши» алдап соқты: Алматылық әйелдер 15 миллион теңгесінен айырылды

0 1  478

Алматыда бірнеше әйел «Тяньши» желілік компаниясы өкілдерінің әрекеттерінен зардап шеккенін айтып шағынды. Олар ақша табуды көздеп компания тарататын өнімді 15 миллион теңгеге сатып алған. Ал соңында ақшасыз қалған олар сатып алынған өнімді де таба алмай қалған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер өздерін желілік компанияның құрбаны болдық деп санайды. Сөздерінше, зардап шеккендер бұдан да көп. Барлығының оқиғасы біріне бірі ұқсас. Ғаламтордан әртүрлі қызметкерлерді іздеген олар хабарландыруды көріп, өтініш білдіріп тренинг дәрістерінен өткен соң, «Тяньши» компаниясының өкілі болып шыға келген. Алайда несие алып компания затын сатып алған әйелдер не ақшасыз, не сатып алынған өнімсіз қалып қойғандарын айтады.

«Мені алдап 15 миллион теңгемнен айырды. Олар менің дистрибьюторлық шотыма түспеді. Екіншіден, компания маған берген уәдесінде тұрмады, мен 40 шот-фактураға қол қойғаныммен өнімдерді мен емес компания өзі алды», – дейді Елена Корнева.

Екінші зардап шегуші Бахат Бегдарованың айтуынша, ол әкімшілік қызметке орналасуға келген.

«Мен әкімшілік бос орнына келген болатынмын және айлығым 200 мың теңге болады деп сендірді. Несие алдым. Сонымен қатар өнімдер де толық жеткізілген жоқ. Олардың өздерінің қалыптасқан жүйесі бар», – дейді ол.

Әйелдер енді несиені төлей алмағандықтан көшеде қаламыз ба деп қауіптенеді. Олардың қолында дистрибьюторларға ақша аударылғаны туралы түбіртек бар.

«Гипннозға түсіп қалғандай әсердемін, бұл несиені қалай алып қойғанымды да білмеймін. Олардың банктерде де таныстары бар, сондықтан барлығы  келісімде», – деп түсіндірді Жамал Қожамжарова.

Алматылық әйелдер желілік компанияның бас кеңсесіне барған. Бірақ басшылық орнында болмай шықты. Компанияның қызметкері телефон қоңырауына әйелдер барған офистің компанияның ресми филиалы емес екенін жеткізді және бас кеңсе ешқандай көмек бере алмайтындығын ашық айтып, полицияның көмегіне жүгінуді ұсынды.

Әйелдер тәртіп сақшыларына арыз түсірген. Алайда бұл қылмыстық емес, азаматтық-құқықтық қатынастар екенін алға тартып шағым қараусыз қалған. Жәбірленушілерге ақшаны қайтару үшін азаматтық сотқа жүгінуді айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.