Қалалық қоғамдық-саяси газет

Диетолог спортпен шұғылданбай және қанттан бас тартпай-ақ, арықтаудың құпиясын айтты

0 773

Үндістандық диетолог спортпен шұғылданбай және қанттан бас тартпай-ақ, 40 келіге арықтаған және өз құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

38 жастағы Кхьяти Рупани бала күнінен артық салмағының болғанын айтады. Бой жеткен соң ол диетолог болуға шешім қабылдаған. Сөйтіп 21 жасында Мумбаи ауруханасының бас диетологы атанған. Бойжеткен тұрмысқа шыққан соң етеккірінің тұрақсыз болып, салмағының жылдам көтеріле бастағанын байқаған. Бір жылда 14 келі қосып, салмағы 70 келіге жеткен.

Осы кезде Рупани дәрігер көмегіне жүгінеді. Олар қызда анабез поликистозы синдромы екенін анықтаған. Рупани гормонотерапияға қарсы болса да, жүкті болуды қалаған. Сондықтан өзіне диета арқылы көмектесуге шешім қабылдайды. Үш айда ол 12 келіге арықтайды. Нәтижесінде әйел аман-есен босанып, өмір салтын және тамақтану рационын өзгертуге бел байлайды. Әрі Рупани өзін жаттығулармен шаршатпай, сүйікті тамақтарынан бас тартпауды қалайды.

Таңғы асқа аз мөлшерде қант қосылған зімбірлі шәй ішіп, хумусты крекер және лимон кремі мен нан немесе майлылығы аз ірімшік пен қызанақты тост жеген. Рупани түскі ас кезінде тұзсыз көкөніс салаты мен көкөністен жасалған езбе көже және бір стакан сүт ішкен. Жүрек жалғау кезінде қара кофе ішіп, кейде қызанақ және ноқат қосылған үнді тағамын жеген. Ал кешкі асқа бір сағат қалғанда жеміс салатын тұтынған. Кешкі аз мәзірінде көпдақылды нан немесе көкөніс қосылған күріш болған. Ұйықтар алдында Рупани грек йогурты немесе жаңғақ жеген.

Диетолог спортты ұнатпайтынын мойындаған. Сондықтан арықтау барысында оның физикалық белсенділігі таза ауада серуендеумен ғана шектелген.

Арықтағысы келетіндерге Рупани суды көп ішуге және көкөністерді көптеп тұтынып, мәзірден сүйікті тағамдарды толық алып тастамауға кеңес берді. Сонымен қатар ол пайдалы тағамдар тізімін қарапайым етіп жасауды ұсынды. Оның ойынша, үйреншікті азық-түліктен дайындауға болатын рецептілерді таңдау керек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.