Қалалық қоғамдық-саяси газет

Азық-түлік үшін құлдыққа жегілген: Шымкент тұрғыны өзіне қол жұмсады

0 561

Шымкентте өз өзіне қол жұмсаған азаматтың туыстары әділдік іздейді. Олар ер адамды суицид жасауға бәзбіреулердің итермелегеніне сенімді. Тұрғындар бұған азық-түлік дүкенінің иесін кінәлайды. Отбасы одан азықты қарызға алып жүріп 300 мың теңгеге қарыз болып қалған. Бұл ақшаны ер адамның өз күшімен өтеуге тура келген, алайда қарыздың мөлшері кемімеген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұм Бақытжан Оңалбеков 30 қыркүйек өзіне қол жұмсаған. Соңғы жарты жылда отбасының қарызын қайтару үшін мал баққан. Өз маңдай терімен 300 мың теңге жинаған. Қожайын оған қой бағуды ұсынған, бірақ туыстарының айтуынша Бақытжан нағыз құлдыққа жегілген.

«Қаласа боқтайды, ойына келсе ұра салады деп баламның өзі мойындаған. Егер бір рет ұрса, онда екінші рет те қол жұмсайтынына сенімдімін. Ол үш рет қашып кеткен, алайда оны тауып алып, қайта жұмысқа жеккен. Ең соңғы рет мен өзім оған: «Соңғы бес күн қалды, адал еңбегіңмен өтеп қайт”, – деп жіберген едім. Егер бұлай боларын білгенде, ешқашан жібермес едім ғой», – дейді Бақытжанның анасы Аягөз Бердалиева.

Марқұмның соңында 2 жасар баласы қалды. Анасының айтуынша, қайғылы оқиға болатын күні малдың иесі бес қойының жоғалып кеткенін айтқан. Және осы үшін тағы да 300 мың теңге талап етіп, өзінің «ұзын қолдары» мен таныстарын айтып қорқытқан. Бақытжан осы жаңалықтан кейін қорқынышты қадамға барған.

«Біз кеше Леңгірге бардық, онда бізге оның Сайрамда жол полициясы болып істейтінін айтты. Мейлі заң қызметкері болсаң да, сенің бөтен біреудің баласын бұлай қорлауға қақың жоқ еді. Сенің де өз балаларың өсіп келе жатыр», – дейді марқұмның анасы.

Туыстары Бақытжан малын баққан отардың иесінің нөмірін ұсынған, бірақ ол марқұмның онда еңбек етпегенін айтады. Туыстары полицияға арыз түсірді. Тергеу жұмыстарына байланысты ер адамның денесі әлі жер қойнына тапсырылмаған. Түркістан облыстық полиция департаменті өз кезегінде аталған іс басшылықтың тікелей назарында екенін жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.