Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қайта вакцинациялау қандай жағдайда жүргізіледі: Еліміздің бас санитар дәрігері айтты

0 744

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қайта вакцинациялау туралы айтты. ҚазАқпаратқа берген сұхбатында санитарлық дәрігер бұл мәселе коронавирустың мутациялық факторларына әсер ететінін айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайта вакциналау жұмыстарының ұйымдастырылуы жайлы Қиясов вакциналаудан кейінгі иммунитеттің ұзақтығы туралы зерттеулердің әлі де жалғасып жатқанын айтты.

“Әлемдік деңгейде КВИ-ға қарсы ревакцинация жүргізуге қатысты ресми ұсынымдар шығарылған жоқ. Бұл ұсынымдар иммунитеттің ұзақтығы туралы жаңа мәліметтер пайда болған соң қолжетімді болуы мүмкін және коронавирустың мутациялық факторларына да байланысты. Осыған байланысты бүгінгі күні ревакцинация жүргізу тәртібін белгілеу мәселесі талқылау сатысында тұр”, – деді ол.

Қайта вакциналау кезінде басқа екпе салдыруға бола ма деген сұраққа бас санитарлық дәрігер мәселе ресми ұсынымдардан кейін шешілетінін айтты.

“Жоғарыда айтып өткенімдей, қазіргі уақытта ревакцинация жүргізу тәртібін белгілеу мәселесі талқылау сатысында тұр. Барлық сұрақтар ревакцинация жүргізу туралы ресми ұсынымдардан кейін анықталады”, – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.