Қалалық қоғамдық-саяси газет

Канадада «Маған тұрмысқа шығасың ба?» деген ұсынысы бар ұшақ апатқа ұшырады

0 360

Канадада “Маған тұрмысқа шығасың ба?” деген жазуы бар шағын ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Сент-Хелен аралында үйленуге ұсыныс жасау кезінде болған. Оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер мен  Канаданың көлік қауіпсіздігі жөніндегі кеңесінің тергеушілері шықты. Апаттың мән-жайы мен себептері туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Ұшақ Сент-Элен аралына апаратын көпірдің жанында опат болған. Онда Osheaga Get Together музыкалық фестивалі қызу жүріп жатыр. Іс-шараны ұйымдастырушылар бұл оқиға фестивальге әсер етпегенін айтты.

Алайда, бір адам көз жұмып, біреуі ауруханаға түсті деген хабар бар. Бортта көп адам болмаған. Қауіпсіздік кеңесі ақпарат жинап, оқиғаны бақылайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.