Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шығыс Қазақстанда облыс әкімдігі өртенді

0 344

Өскемен қаласында өрт сөндірушілер облыс әкімдігінен шыққан өртті ауыздықтады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемен қаласының М.Горький көшесіндегі облыс әкімдігінің әкімшілік ғимаратында түтін пайда болған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінде мәлімдеді.

«Оқиға орнына өрт сөндіру бригадалары дереу жетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, түтін орталығы ғимараттың акт залынан шыққан. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», – деді ШҚО ТЖМ баспасөз қызметі.

«Ғимаратқа енген құтқарушылар жанып жатан еденді анықтады. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттері өртті жоюға және оның таралуына жол бермеді», – деді Arnapress.kz сайты.

Оқиға орнында 65 құтқарушы мен 17 техника жұмыс істеген.
Сонымен қатар баспасөз қызметі ғимарат үлкен болғандықтан нысанда жұмыс істеп жатқан құтқарушылардың көп болуы аса қажет екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында ірі сауда орталығы өртенген болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.