Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қытай жаңа «X вирусының» пайда болуын болжады

0 235

Қытайда Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) басшысы Гао Фу қоғамдағы ғылым мен технологиялардың халықаралық форумында сөйлеген сөзінде әлемде жаңа «X вирусы» пайда болатынын ескертті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның белгілері әлі белгісіз және ол кез келген жерде және кез келген уақытта пайда болуы мүмкін, делінген хабарламада.

“Әлем коронавирустық пандемиямен ғана емес, сонымен қатар өзекті ақпарат пен жалған ақпарат араласқан кезде инфодемия сияқты бірқатар басқа мәселелермен де бетпе-бет келді. Бұл көптеген қауесеттер мен проблемаларды тудырады”, – деді Қытай ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) басшысы Гао Фу.

Гао Фу мәселені шешу үшін «төрт С принципін» ұсынды. Ынтымақтастық (cooperation), бәсекелестік (competition), байланыс немесе ақпарат алмасу (communication) және үйлестіру (coordination).

Гао фудың айтуынша, бұл Қытай тарапынан ашық түрде ақпарат алмасу, әлемдегі ғалымдарға жұмыс уақытында коронавирустық вакциналарды жасауға кірісуге мүмкіндік берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.