Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қарты бар ел — қазыналы ел»

0 173

Қарт дегеніміз – ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да өмір тәжірибесі мен білетін сондай терең. Сондықтан да баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Осы орайда қазан айының алғашқы күнімен бірге келетін қарттар күні елімізде соңғы жылдары дәстүрлі түрде тойланып келеді.

Айтулы мереке біздің ауылымызда да да елеусіз қалмады.

Жайылма ауылдық клуб үйінде ауыл ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізге арналған «Қарты бар ел, қазыналы ел» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті.

Іс-шара соңында ауыл әкімі Ж.Смағұлов ауылдың қарттарын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Концерт соңы спорттық іс- шараға ұласты.

Асық атудан, қол күресінен, шахмат, дойбыдан тир атудан ардагерлер арасында өткізілді.
Сарысу ауданы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.