Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сарысулықтар асарлатудан алда

0 264

Облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған «Асар бағдарламасы» аясында ағымдағы жылдың маусым айында Сарысу ауданында «Асарлатып үй салу» жобасы басталған болатын,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жоба мақсаты –«Асар» үрдісін жаңғыру , әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі көп балалы отбасыларға үй салып беру.

Осы жоба аясында Игілік ауылдық округінің орталығы Өндіріс ауылында округ әкімі Жандос Жанайдаровтың ұйымдастырумен ауылдағы жалғыз басты зейнеткер Болбыракова Нағиманың тұрғын үйін күрделі жөндеуден өткізіп берді.

Осы баспананың салынуына Игілік ауылдық округінің жұмысшылары Ж.Досаев, Ұ.Көшербаев, С.Ақболтаев, Р.Абдықадыров, Б.Қалдыбаев сынды азаматтар аянбай еңбек етіп өз үлестерін қосты.

«Біткен істің басына жақсы келер қасына» демекші облыс әкімінің бастамасын қолдаған Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев құттықтау сөз сөйлеп, ауылдықтардың қуанышымен бөлісті.

Содан соң баспананың салынуына қаржылай демеушілік көрсеткен Болбыракова Нағиманың туысы Тәжібеков Пернебайға сөз кезегі берілді.

Сонымен қатар демеушілік көрсетуге ауыл азаматтары және Жұматаев Сейілбекте өз үлестерін қосты.

Осы азаматтарға аудан әкімі алғысын білдірді.

Қуаныш иесі Болбыракова Нағима қуаныштан көзіне жас алып, алғысын жеткізді.

Лента кесу рәсімін аудан әкімімен Игілік ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіпалиев Қойшыбай өткізді.

Ата-бабамызда қалған осы үрдісті жалғастырған ауылдықтар шашу шашып мәре-сәре болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.