Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Президент құттықтауын Twitter-де жариялады.
“Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!”, – деп жазды Мемлекет басшысы.