Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Үшбұлақ» жағалауы жаңа кейіпке енеді

0 321

Күннен күнге түрленіп келе жатқан Тараз қаласының бүгінгі келбеті тұрғындарды қуанышқа бөлеуде. Шаһар шырайын кіргізу бағытындағы жүйелі жұмыстар әлі де жалғасын табуда,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Соның жарқын мысалы – «Үшбұлақ» арнасының жағалауы жуық арада жаңа кейіпке енбек. Бұл «Казфосфат» ЖШС-нің Таразға тартуы болмақ. Бүгінде мұнда судағы өскіндерді тазалау, қамыс қопаларын шабу, канал мен каналы жағалауларын механикалық тазарту, өтімсіз бетон конструкциялары мен қоршау плиталарын бөлшектеу, ағаштарды кесу және тамырларды жұлу бойынша жұмыстар атқарылған. Сондай-ақ сол жағалауда, ені 2 метрлік жаяу жүргіншілер тротуарын салынып, көлден Қонаев көшесіне дейінгі жол асфальттанады.

Бұдан бөлек, арнаның топырақ беткейлерін арнайы құралдармен нығайтып, олардың орнына көгалдар мен жас ағаштар отырғызылады. Нысан жобасына сәйкес спорт, балалар алаңдарын тұрғызып, шағын сәулет нысандары да орнатылады. Жаңғырған жағалау қараша айының соңына дейін қолданысқа беріледі деп күтілуде

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.