Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда теріс діни бағыттарының алдын алу бойынша Кеңес отырысы өтті

0 405
2021 жылдың 29 қыркүйек күні қала әкімінің орынбасары А.Садубаевтың төрағалығымен Тараз қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес отырысы өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Тараз қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Кеңес отырысына кеңес мүшелері, діни бірлестіктер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Отырыста қала әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен жастар ресурстық орталығының Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарған жұмыстары және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы тарапынан діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен қала аумағында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды.
Басқосу дарысында қала әкімінің орынбасары А.Садубаев діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жандандыруды және жастар арасында теріс діни бағыттарының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.