Қалалық қоғамдық-саяси газет

Байзақтағы жарылыста қираған нысандар қалпына келтірілуде

0 288

Дүйім елді дүр сілкіндірген Байзақтағы жарылыстан бері арада 1 ай өтті. Бүгінде оқыс оқиғадан зардап шеккен нысандар қалпына келтірілуде. Бұған жарылыс болған әскери қоймаға жақын орналасқан Қайнар ауылына барған кезде көзіміз жетті. Елдімекен ішіндегі қайнаған жұмыс құрылыстың қызу жүргізіліп жатқанын айғақтап тұр,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, аудандағы төтенше жағдай кезінде зақым келген нысандарды тексеру және қалпына келтіру үшін 5 жұмыс тобы құрылып, олардың құрамына құрылыс басқармасының, аудан әкімдігінің, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу институтының, жобалау ұйымдарының қызметкерлері және төтенше жағдай қызметкерлері енген. Сондай-ақ, аталған жұмыс топтарымен Байзақтағы Қайнар, Үшбұлақ, Жібек жолы, Төрекелді, Базарбай, Көкбастау ауылдарындағы барлық үйлер зерделеніп, 159 тұрғын үй, 12 коммерциялық, 4 әлеуметтік нысанның зардап шеккендігі анықталды. Оның ішінде 35 үй мен 12 коммерциялық, 1 әлеуметтік нысанға және 1 ауылішілік жолға айтарлықтай елеулі зардап келгендіктен, мемлекет есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша шешім қабылданған.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.