Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда шағын тойлар мен шаралар өткізуге рұқсат берілді

0 239

COVID-19 эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына және басқа да талаптарға сәйкес Жамбыл облысы «жасыл аймаққа» енді. Осыған орай аймақта шағын тойлар мен шаралар өткізуге рұқсат берілді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі. 

Өңірдің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Байділда Шыналиев осы ахуалға байланысты 2021 жылдың 27 қыркүйек күні «Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету» туралы қаулысын шығарды. Енді ойын-сауық, спорттық іс-шараларды (жабық нысандарда), форумдар мен конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды белгіленген шектеулер негізінде өткізуге болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Жамбыл облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Қыдырбаев баяндады.

Онда белгілі болғандай, 5 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық орындарда және үй-жайларда, қоғамдық көлікте бетперде кию талаптарын сақтау керек.

«Жұмыс күндері «Ashyq» жобасына қатысушы барлық объектілер сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары сағат 02.00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бұл тармақта көзделген  «жасыл мәртебе» болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су  вокзалдарына, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды», – деді спикер.

Ол кәсіпкерлік нысандары иелерінің «Ashyq» қосымшасы бойынша сары немесе қызыл мәртебесі бар, оқшаулануға жататын келушіні анықтаған кезде растайтын материалдарды ұсына отырып, деректі ұялы байланыс, электрондық пошта арқылы, сондай-ақ басқа да қолжетімді тәсілдермен жауапты қызметкерлерге хабарлауы қажеттігін ескертті. Сонымен қатар санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына күнделікті мониторинг жүргізіле береді. Мобильдік топтардың да тұрақты тексерулері жалғасады.

«Әрбір рейс алдында қоғамдық көліктерге, автовокзалдарға, қоғамдық көлік аялдамаларына, жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдері таяныштарына, спорттық снарядтарға, балалар және спорт алаңдарына, саябақтар мен скверлерге, осы секілді басқа да нысандарға дезинфекциялау және жуу құралдарын қолдана отырып өңдеу жүргізіле береді. Көпшілік орындарда және тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерде (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, ХҚКО, моншалар, діни мақсаттағы, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, қызмет көрсету салаларында) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақталады», – деп атап өтті Бағлан Жарылқасынұлы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.