Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мен қазақ болғанымда…». Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тарихи жеңіске қатысты пікір білдірді

0 436

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака әлем чемпионатының ширек финалында ұлттық командамыздың Иранды ұтуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мұндай футболшылармен кез келген адам бапкер бола алады. Бұл – толықтай жігіттердің еңбегі. Ел олардың ісін, жеңісті мақтан тұту керек деп ойлаймын. Олар осы ойында өздерін аямады. Бұл – тамаша. Мен қазақ болғанда, мұндай адамдарды мақтан тұтарым хақ. Олар нағыз ерлер», – дейді Кака матчтен кейін.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасын әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтағанын жазған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.