Қалалық қоғамдық-саяси газет

I believe I can fly хитінің авторы адам саудасымен айналысқаны үшін сотталды

0 252

АҚШ-та танымал R&B орындаушысы Ар Келли (R. Kelly) адам бопсалаумен және әйелдер мен кәмілеттік жасқа толмаған қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені үшін айыпты деп танылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

54 жастағы әншінің шынайы есімі – Роберт Сильвестр Келли. БАҚ әншінің үстінен болған сотты «MeToo дәуіріндегі музыкалық индрустрияның ең шулы сот процесі» деп атады.

Ар Келлидің ісін қараған сот Нью-Йоркте өтті. The Wall Street Journal-дың хабарлауынша, өнер иесі 9 бап бойынша айыпталған. Оның ішінде: кәмілеттік жасқа толмаған қыздар мен әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу, рэкет, пара алу, еңбекке мәжбүрлеу бар.

Сотта әртіске қарсы 11 айыптаушы мен 45 куәгер сөз сөйледі. Сотта 90-жылдары жасалған қылмыс та қарастырылды.

Басылымның хабарлауынша, үкімді жария еткен сәтте Ар Келли ешқандай түр білдірмеген.

Соттың ақырғы шешімі 2022 жылдың мамыр айында шығады. Оған дейін әнші абақтыда болмақ. Барлық жасаған қылмыстары үшін әнші 10 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

2008 жылы сот балалар порнографиясымен айналысқан әншіні ақтап шығарған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.