Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмола облысына алғашқы қар түсті

0 335

Ақмола облысының бірқатар аудандарындағы тұрғындар қардың жауғанын xабарлап, әлеуметтік желілер арқылы фотолармен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Макинскі қаласында алғашқы қар түсті. Бүгін түске қарай басталған қар әлі толассыз жауып тұр. Осының салдарынан қаланы қар басып, тұрғындардың жүріп-тұруы мен көлік қатынасы қиындады», – дейді қала тұрғыны Берлан Ырыс.

Алғашқы қар Зеренді және Бурабай аудандары аумағында да түсті. Қар еріп, шалшық болған соң жолдар мен көшелерде көлік кептелістері пайда болып отыр. Мұнда да тұрғындар әлеуметтік желіде алғашқы қардың суреттерімен бөлісіп жатыр. Тіпті, кейбір өңірлерде қарлы бұрқасын болып тұр.

 

Қазгидрометтің болжамы бойынша, өңірдің басым бөлігінде жауын-шашын болады. «Бүгін Макинскіде қар аралас жаңбыр басталды. Бірақ қар көп жатпай еріп кетеді. Түнгі уақытта көктайғақ болуы мүмкін», – деді Ақмола облысы бойынша «Қазгидромет» РМК метеожағдай бөлімінің бастығы Даниель Жұмажанов.

Синоптиктер 29-30 қыркүйекте түнде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болатын ескертуде. Облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында 3 градус салқын, күндіз 2-7 градус жылы болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.