Қалалық қоғамдық-саяси газет

Облыс әкімі Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшімен кездесті

0 142

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаев кездесіп, суармалы су мәселесін талқылады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында аймақ басшысы Жамбыл өңірінің көрші елмен қарым-қатынасының оң жолға қойылғанын, дегенмен кейінгі жылдары пандемия салдарынан бірқатар қиындықтарға тап келгенін жасырмады. Алдағы уақытта өзара ынтымақтастық аясында мәдени байланыс, сауда-саттықты күшейте түсіп, бірлескен спорттық шаралар, жәрмеңкелер, көрмелер өткізу бойынша жұмыстарды жандандыру жайы назарға алынды.

Сонымен қатар, «Қарасу» бақылау-өткізу пунктінің жанында «Қордай» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жобасын жүзеге асырудың маңыздылығы айтылды. Басқа да бақылау-өткізу бекеттерін модернизацялаудан өткізу жайы сөз болды.
Өз кезегінде Рәпіл Жошыбаев алдағы жоспарларымен бөлісіп,  бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.