Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтауда жаңадан салынған үйде лифт құлады – видео

0 171

Ақтаудағы 17-шағынауданда орналасқан Аktau Plaza тұрғын үй кешенінде лифт шахтаға түсіп кетті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 25 қыркүйек күні кешкі сағат 19:30-да болған, – деп жазады Lada.kz.
Лифт шахтаға құлаған кезде ішінде әйелдер мен балалар болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Тұрғындардың айтуынша, лифтінің істен шығуы бірінші рет емес.

Құрылысты салған компания лифтінің дұрыс жұмыс істемейтінінен хабардар. Жаңадан салынған үйге тұрғындар бір жыл бұрын қоныстанған. Өздеріне тиесілі пәтердің құжатын да әлі алмаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.