Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жалғызбасты ананың үйі түгі қалмай жанып кетті(видео)

0 208

22 қыркүйек күні сағат таңғы 4:00 шамасында Тараз қаласы, Шөлдала иіні, Алға көшесінде тұратын жалғызбасты ананың үйі өртеніп кетті, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kris.p.taraz  инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт болған үйдің көлемі 115 шаршы метр болған. Өрт сағат 04:32-де оқшауланып, сағат 04:50-де «Өрт сөндіру және авариялық және құтқару жұмыстар қызметінің» күшімен толық сөндірілді.  Өрт сөндіруге 11 қызметкер және 3 бірлік техника шықты.

Бес баласымен далада қалған әйелдің күйеуі бұрынырақта қайтыс болып кеткен екен. Өзі Тараз  қаласында санитарлық қызметкер болып жұмыс істейді. Өрт болған күні түнгі кезекшілікте болған. Ал үйдің түгі қалмай жанып кеткен. 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.