Алдағы уақытта университет Күзет қызметкерлеріне қауіпсіздік шараларына байланысты оқу-жаттығу жұмыстарын үнемі жүргізіп отырмақ.Дулати университетінде Күзет қызметінің қызметшілеріне арналған «Қылмыстық іс-әрекеттерді алдын алу жолдары» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Университет қабырғасында қауіпсіздік шараларын күшейту және Күзет қызметінің міндеттерін арттыру мақсатында өткен жиынға Дулати университеті Күзет қызметінің басшысы Ө. Ноғаев, Тараз қаласы Полиция басқармасы 1-Полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Р.Маханов, Тараз Полиция басқармасы 1-Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры А.Байділдаев және учаскелік полиция инспекторы М.Аханов қатысты.
Күзет қызметінің басшысы Ө.Ноғаевтың айтуынша, университет күзетшілері екі ауысымда қызмет атқарады екен. Әр ғимаратын екі күзетші, бір аға күзетші күзетеді. Ауысым кезінде ғимаратты аралап, Күзет басшысына есеп беріп, ауысымды тапсырады.
Басқосу барысында құзырлы органдар Терроризм актісінің қаупі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жаднамамен таныстырып, жарылғыш құрылғылардың белгілеріне, ғимаратта терроризм актісі орын алған жағдайда күзетшінің іс-әрекетіне және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуацияландыру жолдарына нақты тоқталды.
Алдағы уақытта университет Күзет қызметкерлеріне қауіпсіздік шараларына байланысты оқу-жаттығу жұмыстарын үнемі жүргізіп отырмақ. Осылайша Дулати университеті Күзет қызметін күшейтіп отыр.