Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарымды қаламгер, қажырлы қайраткер

0 371

Құрметті Сәуле Мешітбайқызы!
Сізді 75 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздің ұлт руханиятына сіңірген сүбелі еңбегіңіз бен қажыр-қайратыңызды бір құттықтаудың аясына сыйғызу мүмкін емес. Жаратылысыңыз жібектей нәзік болса да, ер азаматқа бергісіз қайсарлығыңыздың арқасында еліміздегі көптеген өзекті мәселелердің оң шешілуіне ықпал етіп келесіз. Сіз елге ұлағатты ұстаз, қарымды қаламгер, рухты қайраткер, бастысы Ел Анасы ретінде бағалысыз.
Өзіңіз басқарып отырған республика-лық «Qazaqstan dauiri» газетінің ғұмыры ұзақ, жұрттың мұңын мұңдайтын қаламыңыз қарымды болғай.
Құрметті Сәуле Мешітбайқызы! Сізді төл мерекеңізбен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін!

Ержан Жылқыбаев,
Тараз қаласының әкімі

Жамбылдың жапырағы жерге түссе жүрегі ауыратын жан

Қастерлі ана деген тіркесте ұлы қасиет, кіршіксіз сезім, риясыз көңіл жатыр. Түн ұйқысын төрт бөліп, бесіктегі құлыншағымен әлемді қоса тербеткен асыл жандар әрқашан аман болсын!

Арамызда елі жолын тосып, сипатты әңгімесіне құлақ түруге асығатын аналарымыз бар. Солардың бірегейі – Сәуле Мешітбайқызы.
Бүгінде «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газетінің бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Елана» қоғамдық-әлеуметтік, танымдық-ақпараттық сайтының жетекшісі Сәуле Мешітбайқызы 75 жасқа келіп отыр.
Сәуле Мешітбайқызы сізді мерейлі мерекеңіз – туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Өзіңіздің ылғи айтатын «Жамбылдың жапырағы жерге түссе, жүрегім сыздап қалады» деген сөзіңіз әлі күнге дейін жадымызда сақтаулы.
Мерейіңіз үстем болсын! Алла Тағала баянды ғұмыр нәсіп етсін!
Бала-шағаңыздың ортасында күліп-ойнап жүре беріңіз!

Сәкен Арубаев,
Жамбыл ауданының әкімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.