Теміртау қаласының 26 жастағы тұрғыны танысының сеніміне кіріп, оның атынан банк пен микро қаржы ұйымдардан 25 несие алған,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
«Алаяқ жеті банктен 3,5 миллион теңге және микроқаржы ұйымдарынан 731 мың теңгеге 18 несие рәсімдеп алған. Жалпы 4,2 миллион теңге залал келтірген. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді полицейлер.