Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ираннан келген қандастарға Солтүстік Қазақстаннан жаңа үй берілді

0 446

Ираннан келген қандастар Солтүстік Қазақстан облысына жайғасты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысына Ираннан 20 отбасы – барлығы 60 адам көшіп келді. Олардың арасында мұғалім, тігінші, құрылысшы секілді тағы басқа мамандық иелері бар. 20 отбасы «Еңбек» бағдарламасы бойынша Есіл және Шал ақын аудандарына қоныс аударған. Қазір жаңа үйге кірді. Тарихи Отанына табаны тигендердің бірі – Нажиб Қазақ. Төрт баланың әкесі. Егіз қыздарына 4-ақ ай болыпты. Иранда туып өскен қандас бауырымыздың қуанышында шек жоқ. Бүгін аңсаған ата қонысынан үй алып жатыр.

Оларға «Еңбек» бағдарламасы бойынша салынған жаңа баспана берілді. Басқа да жағынан қолдау болады. Әр отбас 204 мыңнан субсидия алады. Және де 500 мыңнан аса грант көмек бастапқы көмек алу мүмкіншіліктері болады. Көш тоқтамайды. Иранда қазіргі уақытта 10 мың этникалық қазақ тұрады. Горган, Бүржі қалаларында 1 мың 500 отбасы тұрады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.