Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда бес адамды атып өлтірген азаматты тұтқындау сәті видеоға түсіп қалды

0 702

Алматыда бес адамды атып өлтірген азаматты тұтқындау сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға түсірілген әлеуметтік желіде таралды. Бейнежазбада арнайы жасақ жауынгерлерінің үйді қоршауға алғанын, артынша күдікті тұтқындаған полицейлердің келе жатқаны байқалады.

Айта кетсек, адам өлімімен аяқталған атыс бүгін сағат 17:00 шамасында орын алған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімімен естіген азамат үйінен  қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.