Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанайдағы жойқын жарылыс: Екі адам ауруханада көз жұмды

0 552

Қостанайда тұрғын үйдің жертөлесінде болған жарылыстан зардап шеккен екі адам көз жұмды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Өкінішке қарай, Бородин көшесіндегі жарылыстан зардап шеккендердің екеуі де күйік ауруынан көз жұмды. Олардың денесінің 90 пайыз және 60 пайызын күйік шалған болатын», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қостанайдағы жекеменшік тұрғын үйдің жертөлесінде жарылыс болып, екі адам жансақтау бөліміне жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз. 

Үйде үш ер адам монтаждау көбігімен жұмыс істеп жүрген, қабырғаны тығыздап жатқан. Белгілі болғандай, жертөледе жиналған газ-ауа қоспасы темекі түтінінен жарылған.

«1995 жылғы ер адамның басын, кеудесі мен аяқ-қолын үшінші дәрежелі күйік шалды, терісінің 80%-ы күйді. 1984 жылғы ер адамның терісінің 35%-ы күйді, басы, кеуде тұсы мен тыныс жолдарын үшінші дәрежелі күйік шалды. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр», – деген болатын денсаулық басқармасы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.