Белгісіз адам Пермь мемлекеттік университетіне оқ жаудырды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлер Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің ғимаратында атыс болғанын хабарлады.
Оқушылар мен мұғалімдердің кейбірі, алдын ала мәліметтер бойынша, ғимараттан шығып үлгерген, ал қалғандары сыныптарда жасырынып отыр.
Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан шабуылдаушы университеттің адамдары мен терезелеріне бей-берекет оқ атып жатқанын көруге болады.
РЕН ТВ арнасының алдын ала мәліметі бойынша, шабуылдан төрт адам зардап шеккен.
Орын алған оқиға туралы әзірге толық ақпарат шыққан жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда.
Еске салсақ, бұған дейін осы жылдың мамыр айында 19 жастағы студент Қазан қаласындағы мектепке мылтық әкеліп, оқушылар мен ұстаздарға оқ жаудырған еді. Оқиға салдарынан тоғыз адам көз жұмды.