Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жүкті әйелді қуып шыққан: Елордада дәрігердің науқасқа деген дөрекілігі видеоға түсіп қалды

0 1  375

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы елордалық әйел мен дәрігердің арасындағы болған жанжалға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде таралған видеода гинеколог дәрігер науқасты қараудан бас тартып, өз кабинетінен шығуды талап еткені байқалады.

“Әйел жүктілігінің үзіліп кету қаупі бар болғандықтан ауруханаға келген. Бір сағат бойы  дәрігерді күтуге мәжбүр болған жүкті келіншекті гинеколог қараудан бас тартып, ұрсып, қуып шыққан”, – делінген желідегі жазбада.

Құзырлы органдар мәліметінше, науқас әйел ауруханаға жатудан бас тартқан.

“Оқиға көп бейінді қалалық №2 орын алған. Желіде таралған бейнежазбаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіледі”, – дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Басқарма өкілдері ауруханада видео және фото түсіруге болмайтынын айтып, заңға қайшы әрекет орын алғанын атап өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.