Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қайтыс болған әйел бір сағаттан кейін қайта тірілген

0 253

АҚШ-тың Мэриленд штатында медициналық ғажайып орын алды. Кэти Паттен клиникалық өлім жағдайында 45 минут өткізіп, сегізінші немересі өмірге келетін уақытқа дейін қайта тірілген,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына арнасына сілтеме жасап.

 

Әйел қызы Файфер сегізінші немересін дүниеге әкелгелі жатқан ауруханаға келеді. Ол жерде әйелдің жүрек талмасы ұстап қалады. Дәрігерлер оны тез арада жансақтау бөліміне жатқызады. Пациенттің жүрегі 45 минут бойына соқпай тұрады.

Бұл уақытта қызы Файфер кесарево отасына дайындалу үстінде болған. Сегіз рет әже атанған әйелдің жүрегі операцияның алдында қайта соға бастайды. Қайта жан біткен науқас перзентханаға келіп, көп ұзамай Алора есімді жаңа туған қызды қолына алады.

«Мен маған екінші мүмкіндік берген Құдайға мың да бір алғыс айтамын. Қалған өмірімде қолымнан келгенше жақсы адам болуға тырысамын», – дейді немересімен бірге қайта туылған әжесі.

«Бұл тағдыр – менің анам осында болуы керек еді және Алораның арқасында осында болды. Керек кезінде керек жерден табылды», – деп қосты қызы Файфер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.