Қалалық қоғамдық-саяси газет

Код-сөз арқылы сатқан: Нұр-Сұлтанда вакцинация паспорттарын 3 ай бойы қолдан жасағандар ұсталды

0 642

Нұр-Сұлтанның криминалдық полиция қызметкерлері 3 ай бойы вакцина паспортын қолдан жасап сатқан 3 адамды ұстады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері 38 және 40 жастағы 2 медицина қызметкері мен біреуінің 44 жастағы күйеуін ұстады.

Полиция өкілдерінің айтуынша, күдікке ілінген медицина қызметкерлері соңғы үш ай бойы ешқандай екпе жасамай-ақ, вакцинация паспортын жасап сатып келген. Ал оның ақысын алдын ала алып отырған. Сақтық үшін жалған паспорт жасатушыларды тек таныстарының кеңесі бойынша ғана қабылдаған.

«Бұл істе медицина қызметкерлерінің бірінің күйеуі «клиенттермен» кездесіп, төлемді жинап отырған. Медициналық мекемеге келген «клиенттер» «жалған анықтама алу үшін келдім» деген код-сөзді айтуы керек болған.

Күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодесінің 385-бабы («Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бап санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», – деп жазылған департаменттің мәліметінде.

Күдіктілерді тінту кезінде медициналық құжаттар, ұялы телефондар тәркіленген.

«Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Медицина қызметкерлері кінәларын мойындап, түсініктеме берді. Жалған вакцинация паспортын алу үшін оларға жүгінген адамдардың саны нақтыланып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарға кез келген заңсыз әрекеттер жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертеді», – деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.