Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үнемділік пен тиімділік – мемлекеттік қызметтің басты қағидасы

0 746

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  Қазақстан Республикасының  2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы шықты. Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар бойынша көрсетіледі: көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе  басқада  жағдайлар бойынша ешбір кемсітушіліксіз, яғни  тиісті мемлекеттік қызметтерге әрбір азамат қол жеткізулеріне  құқылы.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында есеп-қисап әрекеттері түгелдей  ашық жүргізіледі және  көрсетілетін қызметтердің  сапасы барлық азаматтарға бірдей қолжетімді. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесі үнемі жетілдіріліп тұрады,заманауи тұрғыда жаңа технологиялармен қамтамасыз етілуде.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету  кезінде үнемділік және тиімділік қағидаларын қатаң  ұстану міндеттелген. Мемлекеттік қызметтер www.egov.kz.  «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.  Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырғаннан бастап, порталға жүгінген кезден – 10 (он) жұмыс күнде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші, көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды  алғаннан бастап екі күн ішінде ұсынылған құжаттардың толық екендігін тексеруі тиіс. Мемлекеттік қызметтер нысаны  электрондық немесе қағаз түрінде көрсетіледі.  Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке», көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦК)  куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.  Мемлекеттік  қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне сәйкес, бастапқы медициналық  санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарында, яғни емханаларда халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтің   – 13 түрі көрсетіледі:

  1. Алғашқы медициналық санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу;
  2. Дәрігердің қабылдауына жазылу;
  3. Дәрігерді үйге шақыру;
  4. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру;
  5. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке  уақытша  жарамсыздық парағын беру;
  6. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру;
  7. Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдері, медициналық бұйымдарды беру;
  8. Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу  мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу;
  9. Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту;
  10. «Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде  пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру»;
  11. «Көлік құралын басқаруға рұқсат алу  туралы анықтама беру»;
  12. «Санаторлық-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру»;
  13. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде  Қазақстан Республикасының  азаматтарын шетелге емделуге  жіберудің орындылығы және ( немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау.

Демек, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүгіну үшін, Сіздер №5 қалалық емхананың gp5-taraz.kz сайтынан қажетті ақпаратты алуларыңызға болады, сондай-ақ  емхананың кіреберісінде қабырғада QR-код және Egov- стенд көрнекі құралдары тұрғындар назарына ұсынылған.

Динара Сәрсенова,

№5 қалалық емханасының бас дәрігері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.