Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ағайынды өрт сөндірушілер

0 429

Қазігі уақытта «кәсіби отбасылық әулет» атану сирек кездесетін құбылыс. Бүгінде ата-баба жолын қуған отбасыларды еңбек қызметінің түрлі салаларынан арагідік кездестіруге болады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Өрт сөндіру қызметінде жұмыс істейтін жандардың әрқайсысында кәсіп таңдаудың өз мотивациясы бар: біреулер үшін бұл бейімділік болса, екінші біреулер үшін – ол карьера, үшіншілерге – жай ғана жұмыс. Алайда басқа-басқа, қарапайым адамдар өрт сөндірушінің жолын таңдай қоюы екіталай. Өйткені, бұл мамндық адамнан батылдықты, ержүректілікті және тағы сол секілді ерекше қасиеттерді талап етеді. Әдетте, өрт сөндіруші болғысы келетіндер өздерінің ішкі жан дүниесінде ес білгелі ерекше тектілігі бар адамдар болып келеді. Осындай ерекше тектілік қасиетке Меркі ауданының от жауынгерлері, ағайынды Макаевтарды да жатқызуға болады.
Мақсат Мелсұлы Макаев және оның ағасы Шамиль барлық істі бірге атқарады. Екеуі екі бөлімшенің командирі. Олардың тағдыры өте қызықты. Адамдардың өмірін құтқару және төтенше жағдайларды жою ісінде тәжірибелері де мол.

«Біздің балалық шағымыз Меркі ауылында өтті. Күз айының бірінде өз үйімізден өрт шықты. Шөпханадағы бір мая шөп өртенді. Өрт жылдам таралды, ауыл түгелдей көмекке келседағы өртті сөндіруге шамамыз келмеген соң, біз өрт сөндірушілерді шақырдық. Ағамыз екеуіміз ол кезде бала едік. Мен шамамен 11 жастамын, ал ағам 13 жаста еді. Сол кезде біз өрт сөндірушілердің жұмыстарына куә болдық. Олардың тәртіпке бас июі, берілген команданы жеедл атқаруы және жалындаған қызыл жалыннан қорықпай, қайта жақындай түсіп, оны сөндіргендері бізді тәнті етті. Олар өртті оп оңай-ақ сөндіріп, біздің шөпханаға жақын тұрған қорамыз бен үйді өрттен аман алып қалды. Бұл оқиға бізге күшті әсер қалдырып, жадымызда мәңгілік естелік болып қалды. Біз үшін олардың жұмыстарын көру өте қызықты болды. Өрт сөндіру машиналары, киімдері мен жарақтары, бұның бәрі әрине бізге шабыт сыйлады. Кәсіпті таңдауымызға осы жағдай қатты әсер етті десек қателеспейміз», – деп Мақсат ішкі сырымен бөлісті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.