Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Баспен бір ұрған»: Қарағандыда кондуктор оқушының мұрнын сындырып тастады

0 849

Қарағанды қаласында автобус кондукторы 16 жастағы жігітті баспен ұрып, мұрнын  сындырып тастады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап.

 Патриот Караганды Instagram парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, сол күні жас жігіт оқудан үйіне бара жатқан. Мәдениет үйі аялдамасында №43 автобусқа отырды. Салонда кондуктор екеуі сөзге келіп қалды. Содан жанжал шыққан. Кондуктор жас жігітті баспен ұрып, мұрнын сындырып тастаған.

Облыстық полиция департаменті бұл оқиға 13 қыркүйекте болғанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарына жасөспірімнің анасы арызданған.

«13 қыркүйекте күндіз сағат 14:57-де Михайлов полиция бөліміне жасөспірімнің анасы арыз түсірді. Ол 16 жастағы ұлына жарақат салған №43 автобус кондукторына қатысты шара қолдануды талап етті. Осы факт ресми түрде тіркелді. 17 жастағы кондуктор анықталды. Оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатыр», – дейді департамент қызметкерлері.

Ал №3 автопарк қызметтік тексеріс өткізіп, кондукторды жұмыстан шығарып жіберді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.