Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда вирус жұқтырған науқастар саны азаюда

0 176

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялау жұмыстары қарқынды жалғасуда,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Жамбыл облыәкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде мәліметке сәйкес 443114 жамбылдық екпе қабылдап үлгерген. Бұл жалпы жоспардағы 582 мың адамның 76,1 пайызын құрайды. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппаратық кеңесте айтылды.

– Өңірімізде індет жұқтырғандардың көрсеткіші күн санап азайып келеді. Бүгінге дейін тіркелген науқастардың саны 19098-ді құраса, соңғы бір тәулікте 46 адам дерт жұқтырған. Коронавирусқа қарсы тұрудың ең тиімді жолы – вакцинация. Біз әлі де болса жағдайда жақсарта түсу үшін барлық мүмкіндіктерімізді пайдалана отырып, қарқынды жұмыстарды жалғастыра түсу керекпіз,-деді аймақ басшысы.

Бердібек Сапарбаев мектептердегі санитарлық талаптардың сақталуын күшейтудің маңыздылығына назар аудартты. Оқушылар мен мұғалімдердің КВИ жұқтыру қауіптілігін төмендету, алдын-алу шараларын үздіксіз жүргізу секілді мәселелерге айрықша көңіл бөлді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.