Қалалық қоғамдық-саяси газет

Facebook жасөспірім қолданушыларды жасырын зерттегені үшін сынға ұшырады

0 420

Facebook әлеуметтік желілердің жасөспірім қолданушыларға әсерін зерттеген ішкі зерттеу нәтижелерін жасырғаны үшін сынға ұшырады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтыны сілтеме жасап.

2019-2021 жылдары Facebook Instagram әлеуметтік желісіндегі жасөспірімдер аудиториясы арасында ішкі зерттеулер жүргізіп, әлеуметтік желі жасөспірімдердің, әсіресе қыздардың психикалық денсаулығына зиян тигізетінін анықтады. Facebook-тің топ-менеджерлері мен Марк Цукерберг көрген осы зерттеу нәтижелері жұртшылықтан жасырылған.

«Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығына терең ену» деп аталатын зерттеу нәтижелері бар бес презентация журналистердің қолына түсті.

АҚШ пен Ұлыбританиядағы Instagram аудиториясына сауалнама жүргізу арқылы зерттеу жүргізген сарапшылар, әлеуметтік желі өзін-өзі бағалау проблемаларын күшейтетінін және кейбіреулерде суицид жасау ойларын туғызатынын анықтаған.

Олардың айтуынша, бұған әлеуметтік желілердегі өңделген, әдемі, мінсіз суреттер әсер етеді, Instagram «жарқын өмір салтына» көп көңіл бөледі, ал TikTok өнімділікке назар аударады.

Қыздар арасында 32 пайызы Instagram-ға қарап өз дене бітімдерінен ұялатынын  айтты. Зерттеуге қатысушы жігіттердің 14 пайызы өзін дұрыс бағаламайды. Сауалнамалардың бірінде қатысушылардың 40 пайыздан астамы Instagram-ның әсерінен өздерін тартымсыз санайтынын айтты. Кейбір жасөспірімдер әлеуметтік желіні тәуелділікті қоздырды деп айыптады.

Facebook зерттеу нәтижелерін қоғаммен де, билікпен де бөліскісі келмеді, сонымен қатар Instagram әсерінің жағымсыз жақтарын көпшілік алдында бағаламады. Биыл тамызда сенаторлар Ричард Блументаль мен Марша Блэкберн Facebook-тен жасөспірімдер туралы зерттеу нәтижелерін көрсетуді сұрады, бірақ компания мұндай деректерді құпия ұстайтынын айтты.

АҚШ заң шығарушылары Facebook-ті әлеуметтік медианың жасөспірімдердің психикалық денсаулығына әсері және компанияның осы мәселелерді шеше алмағаны үшін қатты сынға алды.

Ата-аналар Facebook пен оның бас директоры Марк Цукерберг Instagram-ның зиян екенін дәлелдейтін дәлелдер бола тұра әрекет жасамағанына реніштерін білдірді.

Facebook бұл жағдайға әлі түсінік берген жоқ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.