Қалалық қоғамдық-саяси газет

Солтүстік Қазақсандық шенеуніктер өздеріне 60 миллион теңге сыйақы тағайындаған

0 268

Солтүстік Қазақстан облысының шенеуніктері өздеріне 60 миллион теңге сыйақы тағайындаған,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Тексеру комиссиясының мәліметінше, мемлекеттік қызметшілер жергілікті бюджетті өз бетінше бөліп, аудандық аппараты ұстауға бөлінетін қаржы мөлшерін ұлғайтқан. Нәтижесінде қызметкерлердің жыл сайынғы алатын қаржысының көлемі үш еседен асып кеткен.

«Қызылжар облыстық экономика және қаржы басқармасы қызметкерлеріне 60,6 млн теңге көлемінде негізсіз сыйақы белгілеу фактісі анықталды», – деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Талғат Кенжебаев.

Қазіргі уақытта экономика және қаржы бөліміне заң бұзушылықтарды жою туралы бұйрық жіберілді. Тексеру комиссиясының мүшесі сонымен қатар бөлім бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Тиісті материалдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.