Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әулиеатадан — Елордаға: Нұр-Сұлтанда Жамбылдың жәрмеңкесі өтеді

0 368

Бүгін облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласының 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері елордаға аттанды,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Олардың қатысуымен 18-19 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
10 автокөлікке тиелген азық-түлік тауарларының ішінде 18,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой, тауық еті), 3,5 тонна шұжық, 12,1 тонна сүт өнімдері, 5,4 мың дана жұмыртқа, 1,0 тонна кондитерлік өнімдер мен 3,0 тонна макарон өнімдері, 5 тонна қант, 0,3 тонна тұз, 4 тонна балық, 2,7 тонна өсімдік майы, 2,5 тонна бал, 1,0 тонна кептірілген жеміс және 128,6 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Елордадағы «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының маңында өтетін жәрмеңкеде жамбылдық шаруалар жалпы құны 115,2 млн. теңгені құрайтын 182,0 тоннадан астам өз өнімдерін нарық бағасынан 10-20%-ға төмен бағада өткеретін болады.
Жалпы жыл басынан бері ауыл шаруашылығында – 168,6 млрд. теңгенің (егін шаруашылығында – 69,7 млрд. теңге, мал шаруашылығында – 98,7 млрд. теңге) өнімі өндірілсе, ет өндірісі – 4,9%, сүт өндірісі – 1,7%, жұмыртқа өндірісі – 9,7% артты.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.