Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда карантиндік шаралар жеңілдетіледі

0 448

Жамбылда карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Жарылқасынұлы айтты,– деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

 Демалыс күндері барлық әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына, қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» болған жағдайда «Ashyq» жобасына қатысатындар – сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасы көшбасшыларының жобасына қатысатындар – сағат 02.00-ге дейін рұқсат берілді.
Сондай-ақ, жұмыс күндері – барлық бизнес объектілерінің жұмыс істеуіне рұқсат.
Спикердің айтуынша, «жасыл мәртебе» болуға қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, білім беру объектілеріне, ЖОО, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды.
Мейрамхана, кафе және кофеханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй – жайда) 60-тан аспайтын орын, толымдылығы 50 пайызға дейін, еске алу шараларын өткізу үшін 50 адамнан аспайтын орын, толымдылығы 30 пайызға дейн, бірақ «Ashyq» жобасына қатысатын сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары сағат 02.00-ге дейін жұмыс істейді.
– Азық-түлік, азық-түлік емес базарларға, сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйлері, сауда желісі объектілеріне аптаның барлық күндерінде жұмыс істеуге рұқсат берілді.
Діни бірлестіктердің объектілеріне 30 пайыздан асырмай толтырылған, бір адамға кемінде 4 шаршы метр алаң қамтамасыз етілген жағдайда ұжымдық ғибадат етуге рұқсат берілді.
Сауналар, моншалар, СПА-орталықтары, бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру, фитнес, йога-орталықтары аптаның барлық күндері жұмыс істейді, – деді Бағлан Қыдырбаев.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.