Қалалық қоғамдық-саяси газет

Коронавирус өршіп тұрған кездерде «Алтын Орда» базары неге жабылмайды: Алматы облысы әкімдігі жауап берді

0 353

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пандемия өршіп жатқан кездерде “Алтын Орда” базарына не себепті шектеу қойылмайтынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сілтеме жасап.

 

«Алтын орда» базары бойынша мынаны айтайын. Бұл базар елдегі азық-түлік бағасын қалыптастыруда үлкен рөл ойнайды. Өйткені толайым сауда жасаушылардың көбі өнімді осы жерден сатып алады. Егер біз оның жұмысын шектесек немесе бірнеше күнге жауып тастасақ, Алматы облысы мен қаласынан басқа өңірлерде де азық-түлік бағасы өсіп, дүрбелең туғызады. Бұл жерде мәселеге жан-жақты қарау керек», – деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.

Оның айтуынша, базар республикалық маңызға ие нысан болғандықтан, ондағы санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шаралары жан-жақты қадағаланады.

«Базардағы нүктелердің бәрі санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша реттеуге жатады. «Алтын орда» базарында вакцинациялау бекеттері мен мониторинг топтары жұмыс істеп тұр. Базар басшылығына да жұмысты осы тұрғыда реттеу туралы түсіндіру жүргізілген. Маска режимін ешкім жойған жоқ. Бұл талап аталмыш базарға да қосылып отыр», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.