Қалалық қоғамдық-саяси газет

Туысын жарты жыл бойы қорада ұстаған…

0 405

Атырау облысының Махамбет ауылына қарасты Таңдай ауылының тұрғындары мұғалімнің балаларға сабақ беруіне қарсы шығып, наразылық білдірді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі «Turkystan»-ға сілтеме жасап.

Олар мәйітпен алты ай бірге тұрған әйелдің балаларға білім беруі сорақылық деп санап, оның ауылдан кетуін талап етті. Нағашы ағасының мүрдесін жұрттан жасырған мұғалімнен оқушылар түгілі, үлкендер де қорқатын көрінеді. Облыстық білім беру басқармасының басшысы ата-аналардың арыз-шағымын қарап, 30 жылдан астам еңбек өтілі бар педагогты қызметінен қуды.

Мектеп әкімшілігі бірнеше рет әдеп туралы кеңеске шақырған. Сол бойынша шақырту қағазын жіберген. Педагог бас тартып, келмей отыр. Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жұмыстан босатылды, – дейді Облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.