Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда 1 градусқа дейін аяз болады

0 393

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 11-13 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктер ел аумағында суық антициклон өтетінін айтты. Апта соңында ел аумағының басым бөлігі, әлі де өтіп бара жатқан циклон жырасының ықпалында болады.

“Солайша елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында екпінді жел, оңтүстік-шығысында және шығысында найзағаймен жаңбыр жауады. Содан кейін 12 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына Мәскеу аудандарынан суық антициклон ауысатын болады. Ол негізінен жауын-шашынсыз ауа райы мен түнде ауа температурасының батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық пен шығыста минус мәндеріне дейін төмендеуіне әкеледі”, – дейді синоптиктер.

Ел аумағында ауа температурасы 1 градусқа дейін төмендейді.

“Республиканың батысында ауа температурасы түнде 1 аяз – 12 жылу, күндіз 15-27-ден 20-30 жылу, солтүстік-батыста ауа температурасының төмендеуі түнде 3-13 жылудан 3 аязға дейін – 10 жылу, күндіз негізгі фон 12-23 жылу, солтүстікте және орталықта ауа температурасының төмендеуі түнде 3-13 жылудан 3 аязға дейін – 5 жылу, күндіз негізгі фон 10-20 жылу, шығыста 5-13 жылудан 1 аязға дейін – 10 жылу, күндіз 17-25 республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 19-28 жылы болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.