Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таластық ардагерлер төсбелгі тағынды

0 394

Биыл 29 тамызда бүкіл әлемдік қоғамдастықтың даму тарихындағы әрі жаһандық антиядролық қозғалыстағы маңызды оқиға — Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толды.
Семей ядролық сынақ полигонында 456 ядролық сынақ жүргізілді, одан бір жарым миллионнан астам адам зардап шекті. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Қазақстанның ядролық полигонды жабу туралы теңдессіз шешімін бүкіл әлем мойындады. Қазақстанның бітімгершілік үлгісі 2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясын, 29 тамызды «Халықаралық ядролық сынақтарға қатысты іс-қимыл күні» деп жариялауға септігін тигізді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық аясында және Семей сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай, 1949-1990 жылдары арасында Семей ядролық полигонында әскери қызметін өтеген азаматтар мен ядролық сынақтан зардап шеккен ауданымыздың ардагерлерлерін Талас ауданы әкімінің «Құрмет» грамотасы, Талас аудандық мәслихатының «Құрмет» грамотасы және Қаратау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің грамоталарымен марапатталып, төсбелгілер табысталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.