Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғын үйде газ жарылып, 5 адам мерт болды

0 373

Ресейдің Ногинск қаласында үйдегі жарылыс кезінде қайтыс болған 5-адамның денесі табылды, – деп хабарлайды «Zhambyl-Tаraz» ақпарат агенттігі BAQ.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, сәрсенбі күні таңғы жеті шамасында 28 Июнь көшесіндегі №9а үйде газ жарылды. Салдарынан тұрғын үйдің екінші және үшінші қабаты, ішінара төртінші қабаты да қирады.

Оқыс оқиға салдарынан 15 адам зардап шекті, оның алтауы ауруханаға жатқызылды. Ғимараттан 170-тен астам адам эвакуацияланды.

Алдын ала мәлімет бойынша жарылысқа тұрмыстық газ себеп болған. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір Ногинскіде үш күндік қаралы күн жарияланды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.