Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХVI жазғы Паралимпиада ойындарының жүлдегерлерін марапаттады.
Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградтау туралы жарлыққа қол қойды:
- ІІІ дәрежелі “Барыс” орденімен Давид Дегтяревті;
- “Парасат” орденімен Зарина Байбатинаны, Теміржан Дәулетті және Ануар Сәриевті;
- “Құрмет” орденімен Нұрдәулет Жұмағалиді.
Токиодағы Паралимпиадада Қазақстан құрамасы бес медальға ие болған: пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс, ал жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медаль жеңіп алған болатын.