Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үсік жүріп, қатты жаңбыр жауады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

0 606

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 7-9 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Ел аумағында жаңбыр жауып, температура төмендейді деп күтілуде. Синоптиктер кейбір аймақта үсік жүретінін айтты.

“Республиканың көп бөлігінде фронтальді бөліктің әсерінен жаңбыр жауады: солтүстікте қатты жаңбыр болжануда. Тек оңтүстік өңірлерде ауа райы жауын шашынсыз. 8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 5–10, күндіз 14–22 жылу, солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде 2–7, күндіз 13-23 жылу, шығыста түнде 7–12, күндіз 20–25 жылуды көрсетеді. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 10–15, күндіз 22–27 жылыға дейін күтіледі”, – дейді синоптиктер.

stan.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.