Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

0 222

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымжан Кенжебаев қызметінен кететінін мәлімдеді.

Бұл туралы Кежебаев Instagram желісінде хабарлаған.

Бас бапкер қызметінен өз еркімен кеткенін түсіндірді. Сонымен қатар ол Сабырхан Махмудқа олимпиадада мүмкіндік бермегеніне өкінетінін мәлімдеді.

Кенжебаев ұлттық құраманы 2018 жылдың желтоқсанынан бастап басқарып келеді. Бұған дейін ол жастар құрамасын басқарды, сонымен қатар әуесқойлар арасында Геннадий Головкиннің жеке жаттықтырушысы ретінде белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, Токио Олимпиадасының нәтижесі бойынша, қазақстанның бокс құрамасы “Алтын” ала алмай қалды.

stan.kz

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.