Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық жастар экологиялық акцияға үн қосты

0 976

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Бүкіл әлемдік тазалық күніне орай «Бір өзен, бір тағдыр» атты халықаралық экологиялық акция ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық проблемалардың өзекті маңыздылығын жиналған қауымға түсіндірумен қатар, жастардың бойына табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
«Тектұрмас» этно-кешені, Талас өзенінің жағалауында өткен іс-шараға 14-29 жас аралығындағы жастар қатысты. Іс – шараға Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы С.Берікқожа, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы У.Болатбек және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры А.Есіркепов жастарды құттықтап, барша акцияға қатысушы жастарға сәттілік тіледі.
Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, табиғатты аялау, айналаның ластанбауына көңіл бөліп, экологиялық жағдайдың қалыпты болуы үшін күрес жүргізу барша адамзат үшін ортақ мәселе. Бұл ойымызды Тараз қаласының және Қырғыз Республикасы Талас облысы мен Бішкек, Ош қалалары жастарының бас қосуына себеп болған «Бір өзен – бір тағдыр» атты халықаралық экологиялық акция да қуаттай түседі.
Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығының» мұрындық болуымен өткен акцияның ашылу салтанаты «Тектұрмас» этно-мәдени кешенінде ұйымдастырылды.
​Жамбыл облысы Қырғызстанмен шектесіп жатқан аймақ. Оның үстіне Талас, Шу, Аса өзендері Алатау шыңдарынан бастау алады. Осыған орай Талас өзені екі мемлекетке де ортақ болғандықтан, екі елдің жастары аталған өзен жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізуді құп көрдік. Өйткені мұндағы тиісті экологиялық жағдай екі елге де ортақ мәселе.
Іс – шара барысында қаламыздың ерікті жастары және жиналған құрметті қонақтар Талас өзенінің маңын тазалау жұмыстарына кірісіп кетті. Ерікті жастар өзен маңын барынша қоқыстардан тазартып, қоқыстарды арнайы қоқыс тастайтын орынға апарып тастады.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде атап өткендей «Шынайы жанашырлық көрсету – қазақ халқына тән қасиет. Міне, нағыз волонтер болудың озық үлгісі деп осыны айтуымыз керек.» деп айтқан болатын.
«Бір өзен, бір тағдыр» акциясы арқылы қаламыздың волонтерлары еліміздегі тазалықты сақтап жүрген нағыз жанашыр екендерін дәлелдеді.
Іс – шара соңында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшылық тарапынан арнайы дайындалған акция қатысушыларына түскі ас таратылды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.